Облыста 53 дүкен иесі алкоголь өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Облыста 53 дүкен иесі алкоголь өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Екі дүкен спирттік ішімдіктер сату лицензиясынан айырылды. 51 кәсіп иесінің лицензиясы 1 айдан 3 айға дейін тоқтатылды. Сот барлығына 30 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полицейлер профилактикалық рейд жүргізіп жатыр.

 

Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары алкогольді сатуға тыйым салу туралы бір жарым мыңнан астам жадынамалар таратты. Қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін полиция облыстың 3 мың 600-ден астам тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Алкоголь өнімдерін сағат 21 – ден 12 – ге дейін бөлшек саудада сатқаны үшін (этил спиртінің көлемдік үлесі отыз пайыздан асатын) жеке тұлғаларға- 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне –120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, лицензияның қолданылуын тоқтату жазасы қарастырылатын болады.

Профилактиканың арқасында өңірде “мас” күйінде жасалған қылмыс 17,2% – ға төмендеді.

Жаңалықтармен бөлісу