Қоңырауы жалған, жазасы шынайы: жалған ақпарат таратқан күдікті әлі іздестірілу үстінде

Қоңырауы жалған, жазасы шынайы: жалған ақпарат таратқан күдікті әлі іздестірілу үстінде

Лисаков қаласындағы №6 мектепке “жарылғыш зат қойылғаны” туралы жалған ақпарат таратқан адамның жеке басы әлі күнге дейін анықталмай жатыр.
Оқиға 8 сәуірде болған еді. Оқушылар мен ұстаздар мектептен дереу сыртқа шығарылып, полицейлер ғимаратты дереу қоршауға алған. Тексеріс барысында ақпарат жалған болып шықты.
Қазіргі уақытта облыстық Полиция департаменті жалған мәлімет беріп қоңырау шалған күдіктіні әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

“Қылмыстық кодекстің 273-бабында көзделген “терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 5 мың айлық есептік көрсеткіш (18 млн 460 мың теңге) көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін немесе бес жылға бас бостандығынан айырылып, сол мерзімде түзеу жұмыстарына тартылады”, – делінеді облыстық ПД хабарламасында.

Жаңалықтармен бөлісу