Шалғышыдағы ағайын дән риза

Шалғышыдағы ағайын дән риза

Сергей Комаров Қарасу  ауданы Октябрь ауылының тумасы.  Жедел жәрдем жүргізушісі  өз саласының маманы ғана емес, 14 жылдан астам уақыт бойы жұмысына шын берілгенін байқатып жүр.

Осы еңбегі бағаланып, үш жыл бұрын облыстық жедел жәрдем медициналық станциясына ауыстырылған.

“Қазіргі таңда аға жүргізуші болып жұмыс істеймін. Сонымен қатар, ауысымдар арасында трактормен қосымша ақша табамын. Еліміз осындай қиын жағдайға тап болған уақытта бос отырған дұрыс емес деп ойлаймын. Бірінші сәуірден бастап бәрін дайындай бастадық. Судың мөлшері өте көп болды”, – дейді ол.

Шалғышы ауылының тұрғындары Сергейге үйлерін су басу қаупі туған қиын кезеңде көрсеткен жедел әрекеттері үшін алғыс білдірді.

Жерлестері  ауыл қамы үшін  баға жетпес көмек көрсетіп жатқан барша азаматтарына дән риза.

“Сергей қызметтік міндеттерін орындауда барын салады. Ауылда жағдай шынымен де онша болған жоқ. Бірақ Сергей бәрін өз қолына алды және мәселені шебер, ең бастысы кәсіби түрде шешті. Егер мұндай азаматтар көп болса, біз кез-келген қауіппен оңай күресетінімізге сенімдіміз”,– дейді ауыл тұрғыны.

Сергей қоймалар мен арналарда судың бағытын бұру  жұмыстарымен атсалысқан. Ол өткен жылы сәтсіз болған жұмыстар ескеріліп, пысықталғанын айтады.

“ТЖМ арқасында бірнеше күн бойы суды сорып алудамыз. Су деңгейі сәл төмендеді. Дегенмен, өрістерден әлі де су келеді”,– деп жағдайды мәлімдеді.

Диана БАТЫРБЕК

 

Жаңалықтармен бөлісу