Бүгін, 5 сәуірде сағат 09:00 шамасында «Қарабұтақ-Комсомольский-Денисов-Рудный-Қостанай» тас жолының 253-ші және 254-ші шақырымында Тобыл өзенінің тасуы және РФ жағынан үлкен көлемде судың келуі салдарынан жол бөлігін екі жақтан су алды.
Бірінші учаскедегі су тасқынның (253 шақырым) ауданы —250 м, ал ені — 15 см. Екіншісінің ауданы (254 шақырым) — 300 м, ені — 15 см. Аталған учаскелерде 2 су өткізгіш құрылғы бар: олар — диаметрі 1-1,5 м болатын үш тесікті дюбингті құбыр және диаметрі 1*1,5 м бір тесікті дюбингті құбыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен тәулік бойы бақылау орнатылып, қажетті ескерту жол белгілері, сигналды тіректер мен ілмектер орнатылды. Сондай-ақ, жол жиектеріне инертті материалдар және құм салынған қаптар төселіп, қорғаныс күшейтілуде.
Осы учаскелерге жеке құрамнан 4 техника (2 КДМ КАМАЗ және HOWO, 1 тиегіш, 1 ДРС Газель) мен 9 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.