Әулиекөлдегі жағдай жіті қадағаланып отыр

Әулиекөлдегі жағдай жіті қадағаланып отыр

Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов су тасқынына байланысты бірнеше ауылды аралап, ахуалды бақылауда ұстап отыр. Сондай елді мекендердің бірі – Көктал ауылы. Аудан әкімі жергілікті тұрғындармен және шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, су өткізгіш құбырлар мен су басу қаупі бар аумақтарды тексерді.

Қазіргі уақытта Теректі өзеніндегі су деңгейі қалыпты межеде.

«Жасалған меморандумдарға сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері еріген суды жіберу үшін тасқынға қарсы іс-шараларды пысықтауда. Қажетті жанар-жағар май, құм, қаптар да бар. Ауыл әкіміне жүктілігі бойынша есепте тұрған тұрғындарды, аурумен ауыратындарды аудан орталығына баруды ұйымдастыруды тапсырдым. Сондай-ақ қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге тапсырма бердім. Малды қауіпсіз жерге көшіру жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым. Су тасқыны жағдайын жеке бақылауымда ұстаймын», – деді ауданы басшысы.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу