Күні кеше Көлқамыс ауылының 106 адамы Көкалат ауылының орталығына көшірілді. Тентексай ауылынан су басу қауіпінің алдын алу мақсатында 24 адам Тәуіш ауылына көшірілді
«Эвакуцияланған адамдардың басым бөлігі туған-туыстарының үйлеріне жайғасты. Көлқамыста 33 адам қалды. Ол жерде бір қайық,бір газель автокөлігі және 5 құтқарушы тобы бар. Көкалат ауылы бойынша сегіз адам кезекшілікте. Қазір 14:40 минуттан бастап, Тентексай ауылынан көшірілген 24 адам Тәуіш ауылындағы Қаратүбек орта мектебінің ғимаратына жайғасатын болады. Біз үнемі байланыстамыз. Өкініштісі кешеден бері ауданда электржарығы өшіп, ұялы байланыс үзілді. Соған қарамастан жедел құтқару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы ауыртпашылықты көп болып бөлісіп жатқан еріктілер мен ауыл азаматтарына алғыс білідіремін», – деді аудан әкімі Шота Оспанов.