Облыстың кәсіптік арнаулы білім беру мекемелері арасында өткен шағын футболда Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный гуманитарлық колледжі жеңімпаз атанды.
Бұл жарысты білім басқармасының қолдауымен спорт бөлімі өткізгенін айта кетейік. Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларындағы алғашқы кезеңде төрт топ бойынша 32 оқу орын студенттері арасынан командалар іріктелді.
“Барлық колледж әкімшіліктің ұсынысымен спорттың сан түрінен жарыстар өткізіп тұрады. Соңғы өткен шағын футбол сайысында колледжіміз үздік өнер көрсетті. Студенттерімізге алдағы ойындарда да жеңіс тілеймін”, – дейді колледж директоры Жомарт Қоңырбайұлы.
Нәтижесінде Арқалық көп салалы колледжі мен Қостанай индустриялық колледжі өзара екінші, үшінші орындарды бөлісті.
Артур Ғалиханов (үздік қақпашы), Иван Пивоваров (үздік қорғаушы), Ниязбек Бикеев (үздік шабуылшы), Нұрислам Жандилдиновтер (ең үздік ойыншы) жарыстың үздік ойыншылары атанды.