Күннің күрт жылынуынан еріген қардың зияны қостанайлықтарға да тиіп жатыр. Әсіресе, қаланың солтүстік батыс бөлігінде орналасқан аумақтарды су жайлады.
Ғалия Бекмағамбетова сол Қостанай-2 ауданының тұрғыны. Жер аяғы құрғамай ол маңайлардың жыл бойы әуре-сарсаңға түсетінін айтып отыр.
«Су деңгейі жылдағыдан көтеріліп, қарсы шаралар жүріп жатқанын көріп жатырмыз. Тұрғындар баратын жерлеріне дұрыс жете алмайды. Арнайы топ көліктерін әкеліп, күні-түні тырысып жатса да сол баяғы жартас, бір жартас. Нәтижесі шамалы. Зиян шегіп жатқан – қарапайым жергілікті тұрғындар. Осыны болдырмайтындай етіп, алдын ала қам жасауға болмас па еді?» – дейді аудан тұрғыны.
Ол кісінің сөзінің жаны бар. Әсіресе, осы Белинский мен Некрасов көшелерінің арасы шылқып жататынын өзгелері де қостады. Мынау Артур мен Иван есімді жігіт ағалары Сольнечный көшесінің байырғы тұрғындары.
«Судың басы біз тұратын арғы көшеде жиналып тұр. Қазір ол жерге бара алмайсыздар. Қардан жиналған суды ойға ағызайық деп үй иелері болмаса да дарбазасынан қарғып, өзіміз әрекет қылуға тура келіп тұр. Амалсыз аула арқылы шығаруға тырысып жатқан жайымыз бар», – дейді олар.
Олай етпеген күнде қарғын су аула арқылы ағып үйге кіреді. Осы Солнечный көшесінің төртінші, бесінші өткеліне тұтасымен қауіп төніп тұр.
Бесінші өткелдегі 19 үйдің тұрғыны Дина Қалиева кіре берісін су жайлап кеткенін айтып отыр.
«Осыдан екі жыл бұрын көшіп келгенбіз. Былтыр мұндай жағдай болмап еді. Осы жолы іргемізді су басты. Бұрынғы қожайыны ол жерден шұңқыр қазып, жуанатын бөлме істепті. Құтқару қызметінің адамдары сол маңда ақау барын ескертті. Енді үйімізді күндіз-түні аңдып құрғатып отыруға тура келіп отыр дейді», – Дина Қалиева.
Одан бергі екі тәулікте «109» – дан үзілді-кесілді байланыс үзілген.
Ал осы аумақты құрғатуға жауапты «Капитал Союз» мекемесі екен.
«Техникаларымыз күні-түні жұмыс істеп жатыр. Төрт адам осы тұста жиналған суды тартудың қамымен жүр. Былтырғыға қарағанда биылғы жағдайымыз өте ауыр. Күзде жауын-шашын мол болғанына қарағанда, бұл биылғы қиындықтың бастамасы ғана ма деймін», – дейді осы мекеменің механизаторы Сәлімжан Тоқанов.
Жота Ибраев ақсақалдың жасы алпысты алқымдап қалған. Сонда да төзімділік танытып, бүгінгінің батырына айналған.
«Халыққа бұл жағдай ауыр тиіп тұр. Суды басындағы құрал-сайманын бір-біріне жалғап әркет қылатын күдеріміз жоқ емес. Енді өзіміздің еліміз-жеріміз болғасын көнеміз, тынбай қызмет қыламыз», – дейді ол.
Бұдан басқа кезекте екі машина бар. Төрт мотопомпа алдыртылды. Екі трактордың қызметі өлшеусіз игілікті іс жасауға аздық етіп отыр.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түүсірген Бағдат Ахметбеков