Өңірде экспорттан импорт басым түсіп отыр

Өңірде экспорттан импорт басым түсіп отыр

Өткен жылы облыстық агроөнеркәсіптік кешені 715 млн долларға тең өнім экспорттаған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11% -ке аз. Шетелге азық-түлік сатудың көрсеткіші де көп төмен.

Дегенмен республикада ұн экспорты бойынша біздің облыс бірінші орында тұр. Былтыр сыртқа 995 мың тонна немесе 51% өнім саудаланған. Сүт пен кілегей экспортының көрсеткіші де осындай. Шет мемлекеттерге 2,6 мың тонна сүт өнімдері жөнелтілген. Ашытылған сүт өнімдері жөнінен үшінші орынға тұрақтады. Кондитерлік өнімдер де осы санатта. Қостанайлық кәсіпорындардың өнімдерін негізінен Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Ресей , Қырғызстан елдері тұтынады.
Экспортқа қарағанда импорттың үлес салмағы басым. Мәселен, өткен жылы өңірге 406 млн АҚШ долларына тең ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізізілген. Оның ішінде азық-түліктің үлесі басым.

2023 жылдың қорытындысы бойынша импорттық жеткізілім 30% -ке, сары май 63% – ке, құс еті 19% – ке, шұжық өнімдері 1% – ке төмендеді. 2027 жылға дейін өнім өндіру көлемін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруды және үш жыл ішінде астықты өңдеу үлесін 60% – ке, сүтті 75% – ке, етті 80% – ке, майлы дақылдарды 40% – ке дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, – деді орталық коммуникация алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ибрагим Бекмұхамбетов.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі агроөнеркәсіп кешеніне нақты серпіліс қажет екенін атап өткені белгілі. Міндет – үш жыл ішінде АӨК-дегі өңделген өнімнің үлесін 70% – ке дейін ұлғайту. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ибрагим Бекмұхамбетовтің айтуынша, бүгінде салаға табыс әкелетін инвесторларды тарту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу