Ішкі істер министрлігі Қазақстанда кальян шегуге қатысты ұстанымды мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынғанын еске салды.
“Қоғамдық орындарда кальянға тыйым салынады, рейдтер жүргізіліп жатыр. Анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Егер мұндай заңбұзушылыққа куә болсаңыз, 102 телефонына хабарласып, хабарлаңыз, полиция келіп, тиісті шара қолданады”, – деді Әлекешев.