“Шебердің қолы ортақ” байқауының кезекті үміткері – Гүлшат Бақытжанқызы Хамзина. Ол Қостанай қаласының тұрғыны.
А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушысы. Жасы 56-да. Гүлшат ханым оқушы кезінен бастап, киім тігу, кілем тоқуға әуес болған. Әлі күнге осы іспен айналысады. Түбіт қылшықтау, оны тараққа салу, ұршық иіру, тоқыма тоқу және киім тігу, көрпе құрау – оның жаны сүйетін ермегі. “Бұл анамнан келген қасиет, анам өте шебер адам болған. Көрпені қалай істеп шыққаным жайлы суреттерді және видеоны жіберіп отырмын”, -дейді шебердің өзі.