Полицейлер елікті заңсыз атқан браконьерді ұстады

Полицейлер елікті заңсыз атқан браконьерді ұстады

Бұл әрекет үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.

18 ақпанда Алтынсарин ауданының аумағында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының қорықшысын тарта отырып, бірлескен рейд ұйымдастырды.

Олар қарда жүретін көлік мінген 61 жастағы ер адамды тоқтатты. Тексеру кезінде екі елік ұшасы, сондай-ақ тіркелмеген мылтық табылды.

“Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – дейді облыстық ПД табиғатты қорғау полициясының бастығы Ғазірет Әлімғазин.

Облыстық ПД азаматтарға “Браконьер” жедел профилактикалық іс-шараның өткізілуі туралы еске салады.

Жаңалықтармен бөлісу