Акцияны облыстық ПД қызметкерлері, «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің» еріктілері, AMAHAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері бірлесіп жүзеге асырды.
Бірнеше сағат ішінде 100-ден астам жазба мен 30-ға жуық граффити жазбалары өшірілді.
“Осындай жазулар туралы хабарламалар алған кезде, дереу оларды өшіруге шығамыз. Биыл бұл акция алғаш рет өткізіліп отыр. Қала тұрғындарының арқасында нашақорлыққа қарсы белсенді жұмыстар атқарылып жатыр”, – дейді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілі Айгуль Ерәділова.
Өткен жылы осындай 9 акция өткізіліп, 400-ден астам жазба өшірілген.