ЭССЕ БАЙҚАУЫ ШАҚЫРАДЫ

ЭССЕ БАЙҚАУЫ ШАҚЫРАДЫ

Құрметті оқушылар және студенттер қауымы!

 «Қостанай таңы» газеті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Мың алғыс саған, анашым!» атты эссе байқауын жариялайды! Әрқайсыңыздың осынау шығармашылық сынға түсіп, жүлдегер атануларыңызға зор мүмкіндік туып тұр!

Байқаудың талап-шарттары:

– Мерекелік байқауға Қостанай облысының 13-22 жас аралығындағы оқушылары мен студенттері қатыса алады;

– Тақырыбы айтып тұрғандай, әр қатысушы өзінің анасына деген жүрекжарды лебізін эссемен жеткізуі керек;

– Эссе көлемі бір беттен аспауға тиіс (12 шрифт, Times New Roman) және қатысушы өз шығармасына бөлек тақырып қоюы қажет;

– Эссемен қоса, шығарма авторының анасымен түскен 1-2 суреті жолдануы шарт. Суреттің сапалы болуы талап етіледі;

– Қатысушы шығармасымен бірге өзі туралы қысқаша мәлімет беруді ұмытпасын (тұрғылықты жері, оқу орны, толық жасы, телефон нөмірі);

– Талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;

– Байқау қорытындысында үздіктер 13-17 және 18-22 жас аралығындағы қатысушылар ішінен іріктеліп, екі топқа екі бөлек жүлделер тағайындалады;

– Материалдар 8771 213 72 02 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады. Эсселер «Қостанай таңы» сайтында, инстаграм, фейсбук желілеріндегі парақшада және газетте жарық көріп отырады.

Олай болса, байқауға қатыса отырып, аяулы аналарыңызға деген ыстық ілтипаттарыңызды жеткізуге әрі жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтар иеленуге асығыңыздар!

Жаңалықтармен бөлісу