«Rapid fire Pistol» жаттығуында Никита Чирюкин 584-ші ұпай нәтижемен финалға жолдама алған болатын, осы нәтижемен олимпиадалық квотаны жеңіп алды. Ақтық сайыста спортшы өзінің бірінші позициясын ұстап, алтын медаль жеңіп алды.
Никита Чирюкин Қазақстан Ұлттық құрамасының штаттық мүшесі, Шымкент қаласының өкілі.
Бұған дейін Қазақстан əйелдер құрамасы винтовкамен аинтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде күміс жүлдегер атанған еді.
Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады.
Олардың нəтижесі 1754 ұпай. Үндістан құрамасы (1760 балл) топ жарса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеген.
Қазақстан құрамасының мүшесі Ислам Сатпаев бұған дейінгі жарыстардың бірінде нысана атудан ел рекордын (632,7 ұпай) орнатып, алдағы олимпиадаға жолдама алып еді.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Осылайша, Қазақстан қоржынында әзірге бес жолдама бар.