Өңір баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық “Қостанай таңы” газетінде жарты ғасырға жуық қызмет еткен Меруерт Сағымжанқызы ҚАЛАУСЫЗОВА 14 қаңтарда мерейлі 70 жасқа толғалы отыр.
Меруерт апамыз – есімі қарт басылымның тарихына таңбаланған ардақты ардагерлеріміздің бірі. «Қостанай таңы» газеті редакциясында 1975 жылдан бастап, ұзын-ырғасы 40 жылдай табан аудармай еңбек еткен. Әр жылдары корректор, хатшы-іс жүргізуші, теруші болып жемісті жұмыс істеді.
Ардагерімізді мерейтойымен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, мол бақыт, отбасына аман-саулық тілейміз!
Тілеріміз – денсаулық сізге берік,
Бұдан асқан тілекті іздемелік.
Базарында бақыттың балқып-шалқып,
Шаттаныңыз мерейлі жүзге келіп!
Құрметпен, «Қостанай таңы» газеті редакциясының ұжымы