Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұқбаты талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұқбаты талқыланды

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты мақаланы талқылауға ҚИнЭУ-дің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

“Өткен жыл Қазақстан үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Республика негізгі саяси реформаларды аяқтауға жақындады. Конституциялық Сот өз жұмысын жаңаша бастады. Жаңа критерийлерге сәйкес Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Ел тарихында алғаш рет аудандар мен қалалар әкімдерінің сайлауы өтті”, – деді PhD докторы, қауымдастырылған профессор, ҚИнЭУ әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дархан Серікұлы.

Басқосуда Қазақстанның алдағы жылдарға арналған стратегиялық даму бағыты бойынша философия ғылымдарының кандидаты Райхан Әбдірахманова өз пікірін білдірді.

“Президент еліміздің экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын нақты атап өтті. Сапалы экономикалық өзгерістердің негізгі драйверлері өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, экономиканың жаңа салаларын дамыту болады. Ел алдында 2029 жылға қарай экономика көлемін екі есеге арттырудың ауқымды міндеті тұр. Қоғамдық мәселелер де әрқашан Ел Президентінің назарында. Әлемдік бәсекелестік жағдайында біз заманауи технологиялар дамыған, жасанды интеллект енгізілген және прагматизм, білімге құштарлық, еңбекқорлық, кәсіпқойлық, бастамашылық сияқты құндылықтар алдыңғы қатарға қойылған озық ел атануымыз қажет”, – деді Р. Әбдірахманова.

Сондай-ақ, іс-шарада тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлі сөз болды.

Президент сұқбатында еліміздің одан әрі дамытуға бағытталған жоспарлар туралы мәлімдеді. Осылайша, мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау азаматтардың санасында мемлекет қол жеткізетін жаңа мақсаттар мен міндеттердің тамырлануына ықпал етеді.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу