23 мая, 2025
Полицейлер қызметтік автокөліктерден шырша құрастырды

Полицейлер қызметтік автокөліктерден шырша құрастырды

Қостанайда патрульдік полицейлер 30 көліктен тұратын жаңа жылдық шыршаны құрастырды.

Жаңа жылда сізге және жақындарыңызға денсаулық, амандық тілейміз. Ал, біз, өз кезегінде, осы мереке күндері қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалаймыз. Шынында да, біз үшін адамдардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тыныштықтың сақталуы маңызды, – деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Еркен Омаров қостанайлықтарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтау барысында.

Кейін полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына ЖҚЕ бойынша профилактикалық жадынамалар таратып, оларға мандариндер сыйлады.