Жиынға мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов төрағалық етті. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары қатысты.
“Кезекті сессияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Жоспардан тыс қосымша мәселелер де болды. Облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы мен Қостанай қаласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер туралы 2020 жылғы 14 желтоқсандағы шешімге өзгерістер енгізу сөз болды”, – облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина.
Қостанай облыстық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселе тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында егжей-тегжейлі қаралды. Бұл туралы мәслихаттың бюджет және экономиканы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Манасбаев айтып берді.
“Сессияның күн тәртібіндегі барлық мәселелер талқылаудан, сұрақтарға жауаптардан және қатысушылардың сөйлеген сөздерінен кейін бірауыздан қаралып, мақұлданды. Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов өңірді дамытудың маңызды аспектілерін алға қойды”, – дейді ол.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ