Осы жылдың соңына дейін облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазірдің өзінде 413 мың шаршы метр қолданысқа берілген. Құрылыс тек облыс орталығы мен қалаларда ғана емес, аудандарда да жүргізілуде. Бұл мақсаттарға бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
“Жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін «Қостанай жастары» (“Жас шаңырақ”) бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Биыл құрылыс аумағы кеңейіп, облыс өңірлерінде де жүргізілетін болады, бұл ретте қаржыландыру көлемін 3 есеге арттырдық. Бөлінген 2,1 миллиард теңге кем дегенде 140 отбасының өз жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек. Келесі жылы 473 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз”, – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов елордадағы орталық коммуникаця алаңында өткен баспасөз мәслихатында.