Қостанайда “Қауіпсіз қала” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Қостанайда “Қауіпсіз қала” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Облыс бойынша 20-30 қараша аралығында өтетін іс-шараға жұртшылық, ҮЕҰ өкілдері қатысып жатыр. Негізгі міндет– қылмыстың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Жедел алдын-алу шеңберінде студенттер мен оқушылармен, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі.

Алкоголь өнімдерін сату ережелерін сақтауға және елдің көші-қон заңнамасын сақтауға көп көңіл бөлінетін болады. Жедел алдын-алу шарасы кезінде патрульдер, оның ішінде облыс жолдарында күшейтіледі.

Жаңалықтармен бөлісу