Демалыс күндері облыста ауа-райы нашарлап, қар жауды. Облыстың кейбір аудандарында боран болды. Полиция жүргізушілерге қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы жүгінді.
Трассаларда патрульдеу күшейтілді. Осы уақыт ішінде полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған 30 жүргізушіге көмек көрсетті.
Мәселен, “Қостанай-Мамлют” автожолында полиция қызметкерлері кюветтен екі “Тойота” және “Лада гранта” көліктерін тартып шығарды. Жүргізушілері рөлге ие бола алмай аударылған. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Уәлихан Рахимов пен Нұрлан Байтасов патрульдеу кезінде барлық қажетті шараларды қабылдады.
“Қостанай-Сарыкөл” автожолында сол күні аға инспектор Әділ Баданов пен инспектор Аслан Күнеков ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Ол да ауа райының қолайсыздығынан жолдан шығып кеткен.
“Қостанай-Рудный” автожолында аға лейтенант Ермек Әшімов пен лейтенант Олжас Тайжанов жолда жанармайы таусылған жүргізушіге көмек көрсетті. Ол жақын маңдағы жанармай құю бекетіне жеткізілді.
Барлық жүргізушілер қолайсыз ауа райында көмек көрсету шараларының уақтылы жүргізілгені үшін полицейлерге алғыстарын білдірді. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта облыстың автожолдарында күшейтілген патрульдеуді жалғастыруда.