Учаскелік полицей  84 жастағы  тұрғынды көлден алып шықты: Алайда ол ауруханада көз жұмды

Учаскелік полицей 84 жастағы тұрғынды көлден алып шықты: Алайда ол ауруханада көз жұмды

Оқиға бүгін бүгін  Әулиекөл ауданында болған. Таңертең 102 телефонына Аманқарағай кентінің тұрғынынан су айдыны жақтан көмек сұрап тұрған қатты дауыстың естілгені туралы қоңырау келіп түседі. Ер адам дауыстың қайдан шыққанын анықтай алмайтынын айтты, бірақ ол тек “Көмектесіңдер!» деген сөзді естіген.

Бұл хабарлама дереу көлге келген учаскелік полиция инспекторы Ғабит Байжановқа берілді. Соққан желдің себебінен ол көмекке шақырған дауыс дұрыс естілмеген. Учаскелік полиция қызметкері айқайлағаннан кейін, тағы да “Көмектесіңдер!” деген дыбыс естілді. Жағадан өтіп бара жатып, полиция қызметкері дыбыс көлдің ортасынан шығып жатқанын түсініп, бірден  суға секірді.

– Ойлануға уақыт болмады, бүгін қар жауып тұр. Сол себепті суық суда ұзақ уақыт тұру қауіпті. Көл терең емес, суда жүгіруге тура келді. Киім қозғалысқа кедергі келтірді, бірақ бірнеше метрден өткеннен кейін мен суда қамыстан ұстап тұрған әйелді көрдім. Судың бетінен тек басы ғана шығып тұрды, – деді учаскелік полиция қызметкері.

Ғабит Байжанов әйелді жағаға сүйреп апарды, оған жақын тұрған ауылдастары көмектесті. Олар бірге кейуананы үйге жеткізіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді.

Қарт кісінің көлдің ортасында қалай жеткені анықталып жатыр. Ол жалғыз тұрған және су қоймасы оның үйінің артында бірнеше метр жерде орналасқан. Кейінірек дәрігерлер, өкінішке орай, әйел ауруханада қайтыс болды деп хабарлады.

Оны судан шығарған полиция қызметкері мен ауылдастары соңына дейін бәрі жақсы аяқталады деп үміттенген еді.

Жаңалықтармен бөлісу