Мырзабай Сералы Раманұлы
Облыстық “Қостанай таңы” газетінің тілшісі.
1996 жылы 5 шілдеде Қо станай облысы, Амангелді ауданы, Құмкешу ауылында дүниеге келген. 2014 жылы мектепті тәмамдап, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің “Журналистика” факультетінде оқыған. 2018-2020 жылдары сол университетте “Филология” мамандығының магистратурасын тәмамдаған.
2017 жылы Қостанай қалалық М.Хакімжанова атындағы білім беретін мектепке қосымша білім беру маманы қызметіне тұрды.
2018 жылғы қыркүйек айында “Қамысты жаңалықтары” ЖШС газетіне редактор-корректор болып жұмысқа орналасты.
2019 жылы сәуір айында “Біздің Қостанай” ЖШС Қостанай қалалық газетінің “Қазақ редакциясының редакторы” қызметіне ауысты.
2021 жылы шілде айында Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінен жаттығудан өтіп, “Атқыш” мамандығын алып шықты.
2021 жылы Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейіне Ғылыми-ағартуды қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызметке тұрды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық “Қостанай таңы” газетінде тілші болып қызмет істеп жатыр.