Тобыл қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

Тобыл қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

«Үміт сәулесі» орталығы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қазіргі қоғамға одан әрі бейімдеу бағытында қызмет атқармақ. Қоғамның тәжірибелік жұмыстарына қызығушылықты арттыра отырып, клубтарға біріктіруді, концерт, фестиваль, форумдар ұйымдастыру арқылы кең аудитория арасында инклюзивті шығармашылық жолды насихаттауды көздейді.

Орталықтың ашылуына бастамашы болған Валентина Бутырина бастаған «Үміт сәулесі» қоғамдық бірлестігі еді.

blank

Бастамашыл топ қоғамдық жұмыстарға белсене араласуын осыдан үш жыл бұрын Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өңірлік үкіметтік емес ұйымдары ресурстық орталығының идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысудан бастады. Онда «Ананың аялы алақаны» жобасымен жеңімпаз атанды.

blank

Биылдан толыққанды ҮЕҰ-ға айналды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Қостанай ауданының мансап орталығынан «Өмірге жолдама» жобасын дамыту үшін мемлекеттік грант ұтып алғанын айта кетейік.

blank

Алынған қаражатқа тігін машинасы мен ағаш ұстасы шеберханаларына арналған жабдықтар, асхана құралдары сатып алынды. Орталық жетекшісі әлі де істің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтады. Әзірге шағын орталық бір күнде он баланы қабылдауға қауқарлы.

blank

Азды-көпті ғимараттың тарлық етіп, келушілердің жүріп-тұруына қолайсыздық тудырып отырғанын да жасыруға болмайды. Үй-жайларды жалға алу мен ұжымның азын-аулақ шығындарын жергілікті «Терра» ЖШС басшысы Владимир Семейкин, депутат Данияр Мирасов сынды демеушілер қамтамасыз етті.

blank

Орталықтың ашылуына аудандық және жергілікті әкімшіліктің өкілдері, «АMANAT» партиясының және Мемлекеттік мекемелердің басшылары, жобаның демеушілері, өз отбасымен мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар қатысты.

blankblankblankblankblankblank

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбенов орталық жұмысына сәттілік тіледі, осындай орындардың қоғамға маңыздылығына атап өтті.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айбек Ғалымұлы