Жерлесіміз республикалық олимпиаданың қола жүлдегері

Жерлесіміз республикалық олимпиаданың қола жүлдегері

Жезқазған қаласында өткен Қ. Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиадан  дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы Әлібек Қадыралинов жүлделі оралды.

Дарынды балаларды теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастастырылған  байқауға  еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарынан 75 оқушы қатысты.

blank

Бұл сайысқа облыс атынан  аталған лицейдің оқушысы Саян Шүкенов  пен  «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы Наргиз Әбжанова  да қатысқанын айта кетейік.

blank

Осылайша, облыс қоржынында осы олимпиаданың қола медалі бар.

Облыстық білім басқармасы