Республика күнінің құрметіне облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Егемен ел шежіресі» атты зияткерлік тимбилдинг өтті. Іс-шараға №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Олар туған өлкенің тарихы, табиғаты, мәдениеті жөніндегі білімдерімен, шешендік өнерлерімен сайысқа түсті. Оқушыларға мақтау қағаздары мен кәдесыйлар табыс етілді.
Облыстық мәдениет басқармасы