Қойылған міндеттер облыста қалай іске асырылуда, қандай нәтижелерге қол жеткізілді – осы және басқа да мәселелер ПД жедел кеңесінде қаралды деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.
Облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің айтуынша, қоғамдық орындар мен көшелердегі балалар қылмысының төмендеуі байқалған. Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 330 келіден астам түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 10 келіге жуық синтетикалық түрлерін тәркілеген. Қабылданған алдын алу шараларының арқасында өңірде есірткі қылмыстарының саны 9,2% – ға азайып отыр.
Өңірдегі жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша «Қорғау» мобильді қосымшасының көмегімен 455 бұзушылық анықталды. Айдың соңына дейін барлық сыртқы қызметтердің жұмысы бейне жетондармен жабдықталып, смартфондар базасында оnline режимде мониторинг жүргізу мүмкіндігіне ие болмақ.