Облыста құрылыс қарқыны да бәсеңсіген жоқ. Жыл басынан бері 375,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Баспана құрылысының өсімі облыстың 16 өңірінде байқалған. Әсіресе, Әулиекөл ауданы тізім басында тұр.
«Құрылыс жұмыстары Науырзым, Жітіқара және Арқалықта саябырсыған. Дегенмен, қозғалыс та бар. Мысалы, Науырзымда 18 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталу алдында. Арқалықта екі тұрғын үй пайдалануға берілген. Жітіқаралықтар игілігіне де көп пәтерлі үй берілгенін айта кету керек», – деді басқарма басшысы.
Жалпы, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 21,2 пайызға артқан. Барлық саладағы анағұрлым жоғары көрсеткіштерге ие өңірлер қатарында Қарабалық, Әулиекөл, Сарыкөл, Федоров, Жангелдин аудандары мен Қостанай қаласы тұр.
Жандос ЖҮСІПБЕК