Қостанайлықтар Республика күнін қалай тойлайды?

Қостанайлықтар Республика күнін қалай тойлайды?

   Қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов аппарат жиынында қостанайлықтардың Республика күнін мерекелеу жөніндегі жоспарымен бөлісіп, шаһардағы сыртқы безендірулер туралы баяндады.

          – Қаладағы бірнеше көшеге баннерлер ілінді. Сауда ойын-сауық орталықтарының үлкен ЛЭД-экрандарына мерекелік суреттер орналастырылады. Сондай-ақ, “Елім менің” акциясы аясында қоғамдық көліктерде жастар “Менің елім”, “Атамекен”, “Қазақстан” және тағы басқа әндерді орындайды. Ұл-қыздар қостанайлықтарға өзімізде өндірілген “Қазақстан” шоколадын тарту етеді. Қала тұрғындары жастардың патриоттық акциясын қолдайды деп сенеміз, – деді М.Шүленов.

Ұлттық мереке болғандықтан жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу ісі басты назарда. Бірқатар акциялар, флеш-мобтар мен челленджер өткізу көзделген.

            – Мәселен, Жастар сарайында “Қыран елім – Қазақстан!” флеш-мобы ұйымдастырылады. Акция барысында мемлекеттік әнұран орындалып, көлемі 10-20 метр болатын мемлекеттік туды алып өтеді. Оған 150-ден аса адам қатысады, – деді қала әкімінің орынбасары.

Мерекелік іс-шара 25 қазан күні Сити-орталықта “Мирас” фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, сондай-ақ қалалық мәдениет үйінің солистерінің қатысуымен “Жүрегімнің жыры – Қазақстан” атты концерттік бағдарламамен қорытындыланбақ.

25 қазан Республика күні қарсаңында “Қонай” шағын ауданында пәтер кілттері берілген еді. Игі іс-шара жалғасын тауып, 24 қазан күні “Юбилейный” ықшам ауданында 108 пәтерлік тұрғын үйдің кілті табысталатын болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу