“Зерделеу” бағдарламасы аясында облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының мамандары аудандардың ахуалымен танысуды жалғастыруда. Жуырда Қарасу ауданының ауылындарында болып, жергілікті клубтарды көрді. Шығармашылық ұжымдармен және елді мекендердің жұртшылығымен кездесті. атап өткендей, “Бұл аудан қиындыққа қарамай, мәдениеттің барлық ошақтарын сақтауға тырысады, өте қуанышты жағдай. Орталығымыздың мамандарымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне және аудандық “Достық” мәдениет үйіне барып, құжаттаманы қалай жүргізіп жатқанымен танысып жатырмыз. Ұсыныстар мен тілектер көп. Орталық мамандарының аудандық мәдениет үйінің хореографиялық ұжымы үшін өткізгее шеберлік сабағын жақсы тәжірибе алмасуға себеп”, – дейді Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының басшысы Дамир Қалқаев.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА