Өңір басшысы Жітіқара тұрғындарымен кездесті

Өңір басшысы Жітіқара тұрғындарымен кездесті

Облыста ауыл шаруашылығы саласы соңғы тоғыз айда 22,6% құлдырап кеткен. Оған себеп ауа райының қолайсыздығы. Салаға қатысты төмен көрсеткіш өңірдің өзге елді мекендерімен қатар Жітіқара ауданында да байқалады. Құмар Ақсақалов Жітіқара ауданына жасаған сапарында зардап шеккен фермерлерге көмек көрсетілетінін жеткізді.

Тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі Нұржан Өтегенов атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жүзеге асатын жоспармен таныстырды. Ауданда ауа райының қолайсыздығына байланысты егін жинау науқаны уақытылы өткізілмеген.

            – Салдарынан өсімдік шаруашылығы саласындағы көлемнің азаюына байланысты, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 13,4% төмендеді, – деді аудан әкімі.

Десекте өзге салада көрсеткіш көңіл көншітеді. Айталық, биыл аудан бюджеті өткен жылға қарағанда 465 млн теңгеге ұлғайып, 3 млрд 796 млн теңге меншік кірісі түскен.

            – Аудан экономикасының басым бөлігі өндеу өнеркәсібіне тиесілі. Биыл 1 млрд 350 млн теңгеге екі жоба жүзеге асырылды. Осының арқасында 70 жаңа жұмыс орны ашылды. Жол жөндеу жұмысы да жалғасады. 2024-2025 жылдарға аудандық маңызы бар 114 шақырым жолды орташа жөндеуді жоспарлап отырмыз. Ол 3 млрд  307,8 млн теңге қаржыны қажет етеді, – деді Н.Өтегенов.

Қалалық жолдарды жөндеуге облыс пен аудан бюджетінен 417,1 млн теңге бөлінген. Алдағы екі жылда кварталішілік жолды жөндеу міндеті тұр. Оған  971 млн теңге қажет. Осылайша 2025 жылы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 78,3 пайызға жетпек.

Тұрғындардың дені аулаішілік жолдарға, денсаулық сақтауға және бұралқы иттерге қатысты сауал жолдады. Бір тұрғын серіктестік иесінің жұмысына шағымданды.

            – Мен тұратын шағын ауданда  ЖШС дүкен салған. Сол кезде көңіл көлік жүре алмайтында жолды жарамсыз етті. Үйімізге көлігімізбен жақындай алмай қалдық. Тіпті жедел жәрдем болсама өрт сөндіру көлігі келе алмайды. Қашан қалыпқа келтіреді, – деді тұрғын.

Дүкен құрылысы толық аяқталған. Ал меншік иесі жолды қалыпқа келтірмей отыр. Аудан әкімі бұл мәселемен таныс екенін жеткізді.

            – Дүкен иесі жер телімін осыдан 3-4 жыл бұрын конкурс арқылы құрыс жүргізу мақсатында сатып алған. Дүкенді өткен жылы салды. Жиын аяқталған соң сізбен нысанға барып мәселені шешеміз, – деп жауап берді аудан әкімі.

Тағы бір тұрғын денсаулық саласындағы олқылыққа шағымданды. Бір апта бұрын жазылған дәрігерге кіре алмай кеткеніне күйінді.

– Интернет арқылы дәрігерге жазылу мүмкін емес, өйткені қосымша жұмыс істемейді. Аурухана барып тіркеу бөлімінен жазыпып кеттім. Межелі уақыт жеткен де барсам дәрігер алғашқы бес адамды қабылдап, кетіп қалды. Бас дәрігер орнында болмай шықты. Бір жеті күтіп ақырында дәрігерге кіре алмау деген сұмдыққой, – деді тұрғын.

Құмар Ақсақалов денсаулық сақтау басқармасының басшысына мәселені жедел ретке келтіруге тапсырма берді. Басқарма басшысы Д.Жандаев жиын біткен соң тұрғынмен жеке кездесу өткізді.

Облыс әкімі де өз кезегінде жалпы облыста атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығымен айналысатындар мал өсіруді қола алу қажет екенін айтты.

– Жітіқара ауданында мал шаруашылығымен айналысатындар саусақпен санарлық. Бұл кәсіппен айналыспайтындар осы жылы көп зардап шегеді. Өйткені, егістіктің жайы баршаңызға белгілі, кері кетті, көрсеткіш жоқ. Сол себепті сүт-тауар фермасын салуды қолға алып жатырмыз. Алдағы бірнеше жылда жоқ дегенде 23 сүт фермасын салуды көздеп отырмыз. Осы жылы 6 ферманың құрылысы басталды. Ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндіру көлемі 30 пайызға арттырамыз, – деді Қ.Ақсақалов.

Сералы Мырзабай

Суреттерді түсірген Б.Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу