2 қазанда сағат 11:30 – да Рудный қаласының жедел басқару орталығына әйелден қоңырау келіп түсті, ол ойын алаңында бірге жүрген 6 жасар жиенінің көзден таса болғанын хабарлады.
Ол қай бағытта кеткенін байқамады. Бірден полицияға жүгінді деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Учаскелік полиция инспекторы Махмұт Сүйінғалиев дереу оқиға орнына келді. Бұл әкімшілік учаскесінде полиция қызметкері небәрі екі апта жұмыс істейді, бірақ осы уақыт ішінде бұл аймақты жақсы зерттеді.
–Алаңның жанында балабақша орналасқан. Дереу полиция нарядтарына бағдар берілді. Бірден осы аумақты тексеруді шештім, – деді полиция қызметкері.
Бала дәл осы жерден табылып, анасына берілді. Баланың анасы өз кезегінде полиция қызметкеріне үлкен алғысын білдірді.