Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң дайындығын анықтау үшiн осы жылғы 29 тамызында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталығы бөлiмi облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқармасымен бiрлесiп, Қостанай облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі басшылығымен және қызметкерлеріне түсiндіру-алдын алу iс-шарасын өткiздi. Iс-шараға 80-ға жақын адам қатысты.
Ic-шара барысында объектілер мен күзет бөлiмшелерiнiң террористік сипаттағы қayiп төнген жағдайда бiрiншi кезектегi іс-қимылдарға дайындығының, жай-күйiн бағалау барысында, террористiк тұрғыдан осал объектілері басшыларының iс-қимыл тәртiбi түсiндipiлдi.
Террористік тұрғыдан осал объектілерін терроризмге қарсы қорғауды жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ объектілер басшылығының терроризмге қарсы қорғауды нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін жауапкершілігі түсіндірілді.
Іс-шара соңында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-әрекеттер жөнінде объект қызметкерлеріне сабақтар мен жаттығулар өткізу туралы ұсынымдар берілді.