Жітіқаралық Григорий Цымбалов құжаттарды айырбастау кезінде 1974 жылғы үлгідегі паспортты ауыстырған жоқ және осы уақытқа дейін жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Мұндай жағдайда денсаулық сақтау қызметтерін алу, ресми жұмысқа орналасу , жәрдемақы, зейнетақы алу қиын. “Қызыл төлқұжаттары” бар адамдардың ҚР азаматтығына жататындығын анықтау күрделі санат болып саналады.
Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданы полиция бөлімінің Көші-қон қызметі бөлімшесінің және учаскелік полиция инспекторы Фархат Қапаровтың атқарған жұмыстарының арқасында ер адам өзінің алғашқы жеке басын куәландыратын құжатын алды.