Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Елімізде Ата заңымыздың қабылдануымен – ең жоғары құндылығы адам болып табылатын демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құру курсы қабылданды. Конституция мемлекеттің егемендігін, билік пен қоғамды құрудың демократиялық принциптерін бекітіп қана қоймай, елдің қарышты дамуы жолындағы нақты бағдарымызды айқындады.

Тәуелсіз Қазақстанның дамуы – Ата заңымыздың барлық ережелерін іске асырылуымен тығыз байланысты. Конституция әрқайсымыз үшін Қазақстан халқының бірлігінің символы, облысымыздың және бүкіл елдің одан әрі тұрақты дамуы мен өркендеуінің негізі болып қала береді.

Құрметті жерлестер! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, баршаңызға зор денсаулық, амандық пен табыс, ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы қарыштап дамып, өркендей берсін!

            Қ.Ақсақалов,

            Қостанай облысының әкімі

Жаңалықтармен бөлісу