25 мая, 2025
Қостанай әуежайын жөндеуге шешім қабылданды

Қостанай әуежайын жөндеуге шешім қабылданды

Облыс активінің кеңейтілген мәжілісінде өңір басшысы Қостанай әуежайын талапқа сай жөндеу үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Ол өңірге инвесторлар тартуда ауқымды роль атқармақ.

-Әрине, инвесторлар үшін әуе қатынасы өте маңызды. Біз қазір А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай әуежайының ғимаратын дұрыстап жатырмыз. Ұшу-қону алаңдары кеңейтіледі. Сол кезде әуежай бір мезетте Боинг-767, Airbus-320, Airbus-321 тәрізді жеті әуе лайнерін қабылдай алады. Жолаушылар тасымалы, жүк, транспорттық ұшақтар да еркін самғайды, — деді Қ.Ақсақалов.

Әлібек ЫБЫРАЙ