23 мая, 2025
Қостанайдың өндіріс орындарына мамандар тапшы

Қостанайдың өндіріс орындарына мамандар тапшы

Қостанайда жылма-жыл жаңа өндіріс ошақтары ашылып жатыр. Оларға білікті мамандар ауадай қажет. Облыста кәсіби білігі жоғары кадрлар сұранысқа ие. Сондықтан, жұмысшы мамандар даярлау ісі күн тәртібінен түспейді.

-Экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін білікті кадрлар қажет екені анық. Біздің облыста 17 мыңнан астам студентке білім беретін алты жоғары оқу орны және отыз төрт техникалық-кәсіптік білім беру ұйымы бар. Біз білім беру бағдарламаларын өзгертуге, білікті оқытушылар мен шетелдік мамандарды тарта отырып, қажетті мамандықтарға оқытуға дайынбыз. Оқу орындары кез келген инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін өз бағдарламаларын жетілдіріп отырады, — дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Әлібек ЫБЫРАЙ