Өңірде жүк тасымалының көлемі ұлғайғалы тұр. Өнім өңдеу саласында негізгі салмақ осы бағытқа түсетінін ескерген басшылық, ең алдымен облысішілік, халықаралық маңызы бар жолдарды жөндеу міндеті алдан шығып отырғанын айтады.
-Республикада ең ұзын автокөлік дәлізі біздің облысқа тиесілі. Оның ұзындығы 9179 шақырымға тең. Мемлекет басшысы транспорт саласы мен логистиканы жақсарту үшін нақты тапсырма берді. Осыған орай 2023-2025 жылдары көлік жолдарын жөндеуге 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлеміз. Бұл астықты өңірдегі жақсы деңгейдегі жолдардың үлесін 95%-ке ұлғайтуға мүмкіндік береді, – дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Әлібек ЫБЫРАЙ