Бұл туралы ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен хабарлады.
1 тамызда сағат 21:50 шамасында “САЛАМАТ компаниясы” ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстардың (екі астық қоймасының) құлауы орын алғаны хабарланды.
“Болжамды себеп – найзағай. Бұл жағдай апат ретінде жіктеледі. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнында ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін Департаментпен апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылады.