Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар Аслан Дабылов және Әлішер Нысанбаев Қостанай қаласындағы Абай атындағы мектептің ұжымымен кездесті. Педагогтермен мектептегі білім сапасы, оқушыларға жасалатын жағдай және білім беру саласында шешімін күткен мәселелер талқыланды.
Сапалы білім беру үшін оқулық пен сабақтың болуы жеткіліксіз. Мектепте заманауи жабдықтар, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптасуы керек. Мұғалімдердің де кәсіби дамуына мүмкіндік болғаны маңызды. Ең бастысы, баланың сапалы білім алу мүмкіндігі оның қай мектепте немесе қай ауданда оқитынына байланысты болмауға тиіс.
Бұл міндеттер «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында қамтылған. Атап айтқанда, 2 400 оқушыға арналған екі жаңа мектеп салу және 149 білім беру нысанын жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар мектептерді заманауи STEM кабинеттерімен жабдықтау, инженерлік және жаратылыстану бағытындағы білім беруді дамыту, барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйелерін орнату көзделген.
Бағдарламада мектепке дейінгі тәрбие мен кәсіптік білім беру мәселелеріне де көңіл бөлінген. Атап айтқанда, балабақшаларда қосымша 520 орын ашу және 9-сынып түлектерін сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқыту қарастырылған.
«Білім — баланың болашағына жол ашатын негізгі тірек. Сондықтан мектеп оқушыға сапалы білім беріп қана қоймай, оның қабілетін дамытуға, түрлі бағытта өзін сынап көруіне және жаңа технологияларды меңгеруіне мүмкіндік жасауы керек. Ол үшін мектептердің материалдық базасын жаңартып, мұғалімдерді қолдау қажет. Қостанайдағы әр баланың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына бірдей мүмкіндік болғаны маңызды», — деді Аслан Дабылов.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Б. Аққожина.
Материал Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
