Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі жылдық 5% деңгейінде белгіленген. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
— Бүгінгі күні 519 млрд теңге сомасына 3534 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден өтінімдер пулы қалыптастырылды. Қазіргі уақытта 3 млн гектардан астам егіс алқабын қамти отырып, 288 млрд теңге сомасына 2936 өтінім қаржыландырылды, — делінген АШМ хабарламасында.
