ҚР Туризм және спорт министрі Олимпиада ойындарына жолдама алған еліміздің құрамасын құттықтады

ҚР Туризм және спорт министрі Олимпиада ойындарына жолдама алған еліміздің құрамасын құттықтады

Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогінің шешуші кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Бұл – еліміз үшін тарихи жолдама. Себебі бұған дейін Қазақстан құрамасы семсерлесуден командалық сайыста Олимпиадаға қатыспаған. Ұлттық құрама қоржынына кезекті жолдаманы Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Эльмир Әлімжанов салды. Сонымен қатар командалық жолдаманың нәтижесінде 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласуға мүмкіндік алып отыр.

“Сіздер осы бір тарихи жетістікке жету үшін күні-түні тынбай еңбек етіп, көп тер төктіңіздер. Міне, бүгін сол еселі еңбек ақталды. Сіздерді енді Париж Олимпиадасы күтіп тұр. Сол байрақты бәсекеге жоғары дайындықпен барып, жерлестерімізді жүлделермен қуантады деп сенемін”, – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан құрамасын құттықтауында.

Жаңалықтармен бөлісу