Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев «Адамға бағдарлану – Қазақстанның конституциялық реформасының векторы» атты халықаралық конференцияның жұмысына қатысты оң баға берді.
Жылжымайтын мүлікке қатысты бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша тоқтайды
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Азия Пара ойындары: Қазақстан қоржынына төрт алтын медаль түсті!
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алып, ел мерейін үстем етті. Отандастарымыз пара дзюдо, велоспорт және жеңіл атлетика жарыстарында жоғары нәтиже көрсетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтынын мәлімдеді.
Қазақстанда он мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтылды
Жыл басынан бері Қазақстанда мемлекет ұсынған жұмыспен қамту шаралары арқылы он мың сегіз жүз мүгедектігі бар азамат жұмысқа орналасты. Олардың бес мың бір жүзі тұрақты жұмыс тапса, бес мың төрт жүзі мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналасқан.
Қостанай облысы жеңіс тұғырында: республикалық байқауларда алтын, күміс және қола жүлделер!
Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тағы да жоғары нәтижелерге қол жеткізді! Республикалық кәсіби шеберлік конкурстарында өңіріміздің студенттері мен педагогтері үздіктер қатарынан көрініп, бір алтын, екі күміс, бір қола жүлде және медальон иеленді.
«Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!»: Қостанайда 110 жас көшбасшы бас қосты
Республика күніне орай және «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында мектептегі өзін-өзі басқарудың жас көшбасшыларының облыстық форумы ұйымдастырылды.
