Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған дөңгелек үстелде агроөнеркәсіп кешенін реттейтін басты құжат – Аграрлық кодексті әзірлеу мәселесі қаралды.
Жаслан Мәдиев OPEN AI мен Google-ге бәсекелес қазақстандық стартапты атады
Мәжілісте Astana Hub пен Инновациялық технологиялар паркін біріктіру туралы заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Кезекте тұрған азаматтарды түгендеуге қатысты хабарлама
Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатымен, Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі тізімдерге сәйкес, келесі азаматтардың тұрғын үйге мұқтаждығы туралы өзекті мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.
Ата-аналарға eGov-тағы ақау қиындық туғызды
1 сәуірде Қазақстанда 1-сыныпқа өтініш қабылдау басталғанда, электронды үкімет порталы тағы да ақауларға тап болды. Бұл мәселені Цифрлық даму министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі растады.
«Адал азамат» жобасы: Ақсақалдар кеңесі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады
Прогрессивті қоғамға қол жеткізу үшін азаматтардың дүниетанымын өзгерту және жаңа құндылықтарды қалыптастыру қажет. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Адал азамат» тұжырымдамасын енгізудің маңызды екенін айтқан. Ақсақалдар кеңесі бұл ұсынысты іліп әкетіп, арнайы жобаға бастамашы болды.
Қостанайда хлорелла арқылы су тазарту жобасы іске асуда
Қостанайда су қоймасын биологиялық тазарту үшін жасыл балдырларды пайдалану жобасын ілгерілетуде «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес маңызды рөл атқарды. Облыс орталығында заманауи су тазарту станциясының жоқтығы мәселесі Кеңес отырыстарында бірнеше рет талқыланды.
Меже белгілі, мерзім шектеулі: өңір жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен толықтай қамтылуға тиіс
Биыл Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге барынша күш салынбақ. Өйткені, Мемлекет басшысы міндеттегендей, бұл бағыттағы жұмыстар осы жылы толық аяқталуға тиіс.
Бүгін көрнекті ақын Серікбай Оспанұлының туған күні
Танымал ақын, филолог-ғалым, «Алаш», «Жамбыл» халықаралық сыйлықтарының иегері, Әлем жазушылары одағының, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанұлы 80 жасқа толды.