Қамыстыда №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мақсатында инклюзивті қолдау кабинеті есігін айқара ашты. Ауданда ашылған алғашқы кабинет. Аядай ғана мына бөлмеде ерекше балалар өзін жайлы сезінеді.
Көкпардан ел құрамасы жеңіске жетті
Көкпардан қазақ жігіттері қырғызстандық қарсыластарын тартысты өткен финалдық бәсекеде 5:4 есебімен жеңді.
Тобыл-Торғай тағы тамсандырды
Бүгін этноауылдағы дала сахнасында қостанайлық өнер шеберлерінің “Тамыры терең Торғай-Тобыл” атты гала-концерті өтті.
Жол кеңейіп, билет арзандай ма?
Қостанайдан Ақтөбе жаққа жиі қатынайтын жолаушыларға Қостанай-Қарабұтақ жолы ақылы деген хаттама келіп жатыр. ҚР көлік министрі Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуде бұл жолдың жөндеуі толық аяқталғанша тегін екенін айтты. Осы жерде ескере кететін жағдай, маршрут бағытындағы көліктер бұл төлемнен босатылады.
Елде неге вагон тапшы?
Қарапайым халық Қостанай-Алматы №43 пойызының кезінде Қостанайдағы учаскесі неге жабылғанын әлі күнге түсінбей келеді. Қазір Қостанай-Алматы пойызының үш-төрт вагоны ғана жаңа.
Тағы да жол мәселесі талқыға түсті
Қазір еліміздегі жол жағдайы жақсарып келеді. Жетісу, Алматы, Павлодар сияқты аймақтарда төрт жолақты магистральдар сайрап жатыр. Ал, Қостанай жаққа бет алған жолаушы қос жолақты жолдардың өзін сирек кездестіреді. Осы секілді көкейкесті мәселелерді облыс тұрғындары ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың алдына көлденең тартты.
Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында төрт күн бойы Астананың «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлеген көкпар ойындары бүгін мәресіне жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қостанайда Ахмет оқулары өтті
“Мирас” мәдениет үйінде Қостанай қаласының 145 жылдық мерейтойына және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналып “Қазақ руханиятының көсемі” атты қалалық жыр мүшәйрасы өтті. Іс-шараны қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.
Ертең “Жолда қабылдау” республикалық акциясы басталады
Полиция қызметкерлері екі күн бойы өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сенім телефоны іске қосылды
Полиция департаменті есірткіге тыйым салынған жарнамалар туралы хабарламаларды қабылдау үшін сенім телефонын іске қосты.