Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кортежін өзі күтіп алды.
Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны 400 мыңға жуық өсті
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен. Тараптар кездесу барысында туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады.
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Қазақстан Үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Өңірлік комиссиялар кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдап жатыр.
Жітіқара ауданында “Ауыл аманаты” бағдарламасымен 11 жұмыс орны құрылды
Жыл басынан бері Жітіқара ауданының өнеркәсіп кәсіпорындары 34,9 млрд теңгеге өнім шығарған. Бірақ, өткен жылмен салыстырғанда бір пайызға жетер-жетпес төмендеу бар. Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев оны геосаяси жағдаймен байланыстырды.
Қостанай облысында кезекті полиция сыныбы ашылды
Оған қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкері Дархан Базарбаевтың есімі берілді.
Қостанайда бидайды терең өңдеу зауытын салу туралы Меморандумға қол қойылды
Бүгін Астанада Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің шеңберінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен KazFoodProducts компаниялар тобы мен myande Group қытайлық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының қалыптасуына отбасының ықпалы
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халқымыздың қасиетті сөзінен отбасының бала тәрбиесіндегі орны ерекше екенін көруге болады. Отбасынан бастау алған бала тәрбиесі, балабақша тәрбиесіне ұласады. Баланың сәби кезіндегі аса жауапты тіршілік әрекеттері, отырып- тұрудан бастап, тамақ ішу, тазалық сақтау, бір-біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену, айналаны танып-білу балабақшадағы тәлім-тәрбиеден бастау алатыны даусыз. Осы заманғы […]
Депутат Қостанайдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «АМАNАТ» партиясы фракциясының депутаты Екатерина Смышляева Қостанай қаласының орталық және мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына барды деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.
“Ауыл” партиясының өкілдері тұрғындарға үш жүз бас қаз балапанын үлестірді
Партия өкілдері тасқыннан зардап шеккен Қостанай ауданының 15 отбасына осындай тосынсый жасады. Қап-қап жем түсіріп берді.
Депутаттар ауқымды жобалармен танысты
Арқалыққа арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев пен Еркін Әбіл келді.