Іс-шара «Студенттік қозғалыстардың, идеялар мен жобалардың қызметін дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Амангелділік жігіттер құрдастарына көлік тарту етті
Аманкелді ауданының 1990 жылғы жігіттері үнемі атымтай жомарттығымен көзге түсіп жүреді. Қиналғанға демеу, сүрінгенге сүйеу бола білген ел азаматтары көпке үлгі. Таяуда көліксіз жүрген құрдасына темір тұлпар мінгізді.
Облыс әкімі: «Жылу құбырларын жаңарту жұмыстары жалғасады»
Облыста жылу беру маусымы аяқталды. Есепті кезеңде барлық өндірістік және әлеуметтік маңызы бар мекеме жылумен үздіксіз қамтамасыз етілді. 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында тұтынушылардың температуралық режиміне әсер етпейтін 58 технологиялық ақау тіркелген. Энергетикалық кәсіпорындарда ірі апаттар болған жоқ. Кішігірім технологиялық ақаулар шұғыл түрде жөнделді.
Биыл облыста жол саласына былтырғыдан 32% артық қаржы бөлінді
Бұл – 57,3 млрд теңге. Бөлінген қаражат 108 елді мекенде жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асатын жергілікті маңызы бар автожолдарды және 371 көше учаскесін жөндеуге мүмкіндік береді. Облыстық жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Олжас Нұрғалиев осылай дейді.
Арқалықта елу пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды
Шақшақ Жәнібек көшесі бойында елу пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Ikomek: Қостанайда «Жол картасы» әзірленіп, пилоттық жоба іске қосылды
Жыл басынан бері Ikomek ахуалдық орталығына 38 518 өтініш келіп түскен. Оның тең жартысына жуығы алғашқы қоңыраудан-ақ кеңес арқылы шешімін тапқан. Бүгінде өтініштердің 36 625-і пысықталу үстінде, 1893-і орындалып жатыр.
Су тасқынынан зардап шеккендерге төленген өтемақы сомасы аталды
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккендерге төленген өтемақы сомасын атады.
Сәуір айындағы сұраныстағы мамандықтар белгілі болды: жүргізушілер, күзетшілер, тәрбиешілер
Сәуір айында Электрондық еңбек биржасына тоқсан мыңнан астам бос жұмыс орны және жүз мың артық түйіндеме салынған. Алдыңғы аймен салыстырғанда бос орындар саны 20%, түйіндемелер саны 35% өсті. Бұл ретте сұраныстың жартысы орта білікті қызметкерлерге тиесілі болды. Ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.