Арқалықтың жапа шеккен тұрғындары тәуелсіз сарапшылардың қорытындысына қанағаттанбай отыр. Жағдайды түсінген штаб бес нысан бойынша қайта тізім жасады.
Министр жапа шеккен тұрғындардың мұң-шағымына құлақ түрді
Жағажайға жақын орналасқан қала тұрғындары су басып қалған баспаналарының жай-күйі мен келешегіне алаңдаулы. Қостанайға жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова олардың жағдайымен танысып, назына құлақ түрді.
Торғайдағы қоғамдық штаб өкілдері ауданның ең шалғай ауылдарына барды
Жанкелдин ауданында жағдай тұрақталып келеді. Өткендегідей емес, су деңгейі едәуір түскен. Алайда, көптеген елді мекен әлі жарықсыз, байланыссыз отыр.
Екідің ауылының тұрғынына Арқалықтан пәтер берілді
Су тасқынынан келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, оны алдын ала бағалау бойынша 73 үй тұруға жарамсыз және қалпына келтіруге жатпайды деп танылды.
Ана мәртебесі өзекті мәселелердің біріне айналды
«Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеген» жан әрине ана. Ана – қасиетті жан. Қазіргі қоғамда жиі кездесетін мәселелердің бірі ол жалғызбасты ана мен көпбалалы аналардың құқықтары әрі мәртебесі. Қайда барсақта қоғам ортасында көзге түсетіні тастанды бала, ішкіш ата-ана, зәбір көрген жасөспірім жиі кездеседі. ҚР өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері, әр бағытта Заңдар шығарып келеді, бірақ […]
Қостанайға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапары барысында мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығына барып, арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар және су тасқынынан зардап шегіп, сол жерге уақытша орналыстырылған тұрғындармен кездесті.
Арқалықта тұрғындарды мал азығымен қамту жұмыстары жалғасып жатыр
Арқалықта көктемгі су тасқыны кезінде қиын жағдайда қалған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары әлі де қарқынды жүру үстінде.
Жол тәртібі сақталмай тұр
Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру міндеті ішкі істер органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі.
Жуырда Торғайға Шилі арқылы баратын жол ашылады
Жанкелдин ауданында жол қатынасы жағдайы қиын. Барыс-келіс, байланыс үзілген ауылдар әлі де көп. Әйтсе де ауданды облыс орталығымен байланыстыратын, Шилі арқылы өтетін жол ашылмақ. Бұл туралы Торғайда халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген қоғамдық штабтың төрағасы Батырбек Ахметов баяндады.
Айбек Қалиев, өңірлік штаб мүшесі, айтыскер ақын: «Қиындықтан пайда емес, сауап табайық»
Көктемгі су тасқыны апатына байланысты Арқалықта төтенше жағдайға байланысты өңірлік штаб құрылып жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында халық қалаулыларымен қатар елге белгілі тұлғалар да енген.