Тасқын судың салдарынан Арқалық-Торғай тас жолы мен Жанкелдин ауданының ішкі жолдары жабылғанын хабарлаған болатынбыз.
Кәкімжан Карбозов: «Мұның арты молшылық болады»
Табиғаттың тосын құбылыстары ешкімді де аяп жатпайды. Биылғы көктемгі алапат, жойқын су тасқыны оған айқын дәлел. Торғай өңірінің көптеген тұрғыны үйлерін тастап, жан-жаққа жан сауғалауға тура келді.
Арқалыққа Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев келді
Қазақстан Республиксы Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Арқалыққа келген жұмыс сапарында ең алдымен қаланың су басқан ауылдарының, су тасқынынан зардап шеккен жолдар мен көпірлердің жай-жапсарымен танысты.
Вице-премьер Аманкелді ауданында (ВИДЕО)
Бүгін ҚР Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев тасқын судан зардап шеккен Аманкелді ауданында болды. Ол Еріктілер штабы атқарып жатқан жұмыспен танысты.
Шаруалар жанайқайы: “Мал азығы жеткіліксіз”
Ауа райының қолайсыздығы теріскейдегі шаруаларға кері әсерін тигізіп отырған жайы бар. Меңдіқара ауданы Теңіз ауылының қарапайым тұрғындары былтыр жаздағы аптап ыстық пен күздегі жауын-шашынның салдарынан мал азығы қорын жеткілікті деңгейде дайындай алмағанын айтып дабыл қақты.
Наз-ағаның наз ғұмыры
Сәуірдің бірінші жұлдызында дәулескер домбырашы, дарынды дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметовтің туған күні. Осы күнге орай Жастар сарайында «Наз-ғұмыр» атты еске алу кеші ұйымдастырылып, ол кісіні білетін дос-жаран, шәкірттері бас қосты.
Облыс орталығындағы Дружба кентіне де қауіп төніп тұр
Қостанайға іргелес жатқан Дружба кентінде су басу қаупі төніп тұрған шамамен 35 аула бар екені анықталды.
Көрші аудандардың еріктілері Торғай жаққа көмекке келді
Көрші аудандардың еріктілері зардап шеккен аудандарға көмекке келіп, жанашырлық пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп жатыр. Олар қиындық кешіп жатқандарға бей-жай қарамай кез келген жағдайда белсенді қолдау көрсетуге дайын.
Қостанайда саяжайларға қарғын су жайылды
Еріген қар суының әсері облыс орталығына да кері әсерін тигізіп жатқанын бұдан бұрын да хабарладық. Бірнеше күннен бері Текстильщиктер аумағында «ДК Максат» ЖШС мердігер ұйымы еріген судың жүру бағытындағы су өткізгіш құбырлар мен қарды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Арқалықтың су басқан ауылдары елмен қатынассыз қалды
«Апат айтып келмейді» деген. Көктемгі су тасқынының төтенше жағдайы әп әдемі шаруасын күйттеп, малын бағып отырған ауылдағы ағайындардың шаруасын шатқаяқтандырып, көптеген кеселдерін келтірді.